Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30-жыл толу мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет мемлекеттік қызметкерлер және күш құрылымдары арасында шайбалы хоккейден турнир болып өтті. Тартысты сайыста Полиция департаментінің «Динамо» командасы 2-орынды, Төтенше жағдайлар департаментінің «Қорғау» командасы 3-орынды иеленді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғани Нығыметов жарысқа қатысушыларды ел тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтап, жеңіске жеткен командаларды марапаттады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет шайбалы хоккейден турнир болып өтті.
- 1 апреля, 2021
- 11:36 дп