2022 жылғы 11-13 тамыз аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдардың: ҚР ІІМ, ҚР ТЖМ, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ АКҚБ қызметкерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық және көліктік полиция департаменттерінің құрама командалары арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша жарыс өтті.
Іс-шара Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналып, «Динамо» ДШСҚ IX ведомствоаралық спартакиадасы мен ҚР ІІМ-нің IX Спартакиадасы бағдарламасы аясында өтті.
Финалда қатысушылардың мықтылары өз бақтарын сынады. Нәтижесінде «Динамо» ДШСҚ ҚБ спартакиадасы бойынша
Командалық есепте ұпай санымен
1 орын ҚР ІІМ командасы
2 орын ҚР МКҚ командасы
3 орын ҚР Ұлттық Ұланы командасы
ҚР ІІМ-нің IX Спартакиадасы бойынша
1 орын Атырау облыстық ПД
2 орын Қарағанды облыстық ПД
3 орын Ақмола облыстық ПД иеленді.
Командалық есепте 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар алған командаларға кубок, грамота, сыйлықтар табысталды. ал жеке орындар алған қатысушыларға медаль, грамота, сыйлықтар, 1-ші орын алған спортшыға белбеу (пояс) табысталды. Жарысқа қатысушыларды және де әділ төрелік еткен төрешілерді Атырау ОПД бастығы Н.Уразбаев, ОК Динамо ДШСҚ-ң ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бастығы В.Марьин, Атырау ОПД-ң орынбасары Ә.Байдосов, ҚР Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрешілер алқасының төрағасы Кайрбаев А, Жамбыл ОФ «Динамо» ДШСҚ ҚБ-і төрағасының бірінші орынбасары Ысқақ Ж. М.Сүлейменов атындағы спорт кешені директоры Есенгалиев А., Атырау ОФ «Динамо» ДШСҚ ҚБ-і төрағасының бірінші орынбасары Есенгалиев Х. марапаттады.