Өскемен қаласында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ҚР ІІМ IX спартакиадасы және «Динамо» спорт қоғамының IX ведомствоаралық Спартакиадасы бағдарламасындағы самбодан құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнаулы құрылымдар қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасындағы жарыс аяқталды Жарысқа жалпы саны 200 қызметкері бар 30 команда қатысты, оның ішінде: ведомстволар желісі бойынша-11 команда (ҚР Қорғаныс Министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық ұланы, ҰҚК, ҰҚК ШҚ, АФМ, Антикор, ҚР ҚМ МКК, ҚАЖК, УССО, көліктегі ПД) және қалалардың, облыстардың Полиция департементтерінің 19 командасы.қатысты. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті: 58 , 64 , 71 , 79 , 88 , 98 және 98 келіден жоғары. Қатысушылар арасында 2 әлем чемпионы, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 41 спорт шебері және басқа да спорттық разрядтардағы спортшылар бақ сынасты.
Командалық есепте ведомстволар арасында орындар келесідей бөлінді:
1-орын- ҚР Қорғаныс министрлігі;
2-орын-ҚР Ішкі істер министрлігі;
3-орын-ҚР Ұлттық ұланы.
Полиция департаменттерінің арасында:
1-орын Астана қ. ПД;
2-орын-Абай облысы ПД;
3-орын- Алматы қ. ПД.
Жеңімпаздар «Динамо» спорт қоғамының Орталық кеңесінің
кубоктармен, медальдармен, дипломдармен «Динамо» ҚҚҚ Орталық кеңесіні бағалы сыйлықтарымен марапатталды.