2022 жылғы 21 және 22 қазанда Республика күні қарсаңында «Динамо» спорттық-сауықтыру кешенінде ішкі істер органдарының қызметкері, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алу мақсатында Қызылорда қаласында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс өтті. Аталған іс-шараның ашылуына Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы, марқұмның әкесі, ішкі істер органдарының ардагерлері және «Динамо»ҚҚҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілі қатысты. Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ш. Амитов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Тұңғышбай және марқұмның әкесі Е. Қозыбаев салтанатты сөз сөйледі. Ұлттық фольклорлық ұжымның орындауында патриоттық әндер шырқалды.
Жарысқа 20 команда қатысты. Жарыстың бірінші күні 1 орынды қалалық полиция басқармасы полиция батальонының командасы, 2 орынды — Қазалы аудандық полиция бөлімінің командасы және 3 орынды — Қармақшы аудандық полиция бөлімінің командасы иеленді. Екінші күні Ұлттық ұланның 5547 ә/б командасы 1 орынды, Қызылорда облысы полиция департаментінің командасы 2 орынды және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің командасы 3 орынды иеленді. Барлық жеңімпаз командалар мен жекелеген футболшылар 4 номинация бойынша кубоктармен, дипломдармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және ІІО ардагерлер кеңесінің, полиция департаментінің және «Динамо»ҚҚҚ филиалының ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
Полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алу мақсатында Қызылорда қаласында құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс өтті.
- 23 октября, 2022
- 4:38 пп