Жарғы

1. Жалпы ережелер
1.1. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе) (бұдан әрі — «Динамо» қоғамы) коммерциялық ұйым емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, осы Жарғының шеңберінде мүшелердің тең құқылы болуы, өзін-өзі басқару, заңдық, жауапкершілік, қызметті жариялау негізінде құрылған және қызмет атқаратын, құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінің ерікті бірлестігі боп табылады.
1.2. Заңды тұлғаның атауы
Толық атауы;
Мемлекеттік тілде: «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі (республикалық мәртебе);
Орыс тілінде: Общественное объединение «Физкультурно-спортивное» общество  «Динамо» (республиканский статус);
Қысқартылған атауы:
Мемлекеттік тілде: «Динамо» ДШСҚ;
Орыс тілінде: — ФСО «Динамо»;
«Динамо» қоғамының толық атауы ресми есептік құжаттарда, хаттар мен өтініштерде, фирмалық бланктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған басқа жағдайларда міндетті түрде қолданылуы керек.
Ішкі, жұмыс және бейресми құжаттарда, маңдайша жазуларда, басқа да жұмыс атрибуттарында, әдетте, қысқартылған атауы қолданылады.
1.3. «Динамо» қоғамы әділет органдарымен мемлекеттік тіркелген кезден бастап Қазақстан  Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, оқшауланған мүлкі бар, өз атынан шарттар жасай алады. Міндеттерді көтере алады, сотта талап арыз беруші немесе жауап беруші бола алады.
1.4. «Динамо» қоғамының мәртебесі — республикалық. Белгіленген тәртіпте бекітілген символикасы мен атрибутикасы бар.
1.5. «Динамо»  қоғамы филиалдарын немесе өкілдіктерін құра алады. Бөлімшелер немесе өкілдіктер заңды тұлғалар емес, оларға пайдалану мен иелену құқықтарында Қоғам мүлкі беріледі.
1.6. «Динамо» қоғамының мөрі, мөртаңбасы, банктерде есеп айырысу және басқа да деректемелері бар.
1.7. Тұрақты әрекет ететін органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Наурызбай батыр/ Шевченко көшесі, 93-95/79-81.
1.8. «Динамо» қоғамының қызмет мерзімі шектелмеген.

2. «Динамо» қоғамының қызмет мәні мен мақсаттары
2.1. Құқық қорғау органдары  мен  күш құрылымдары қызметкерлерінің дене шынықтыруын және арнайы дайындыгын дамытуға және жетілдіруге көмектесу, «Динамо» қоғам мүшелері үшін дене шынықтыру, спортпен белсенді айналысу үшін барлық қажетті жағдайлар жасау қызметінің мәні болып табылады.
2.2. Құқық қорғау органдары мен күш құрылымдар қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін көтеру, спортпен айналысуы, демалуы, жоғары жетістіктер спорты үшін,  сондай-ақ олардың отбасы мүшелері үшін қосымша жағдайлар жасауға қатысу; балалар мен жасөспірімдер спортын жаппай дамытуды қамтамасыз ету арқылы балалардың панасыз қалуының, жастардың қылмыс жасауының, есірткіге үйір болуының алдын алу; халықтың лаңкестікпен және қылмыспен күресуге қатысуына көмектесу; динамо қозғалысының ең үздік дәстүрлерінде әскерге дейінгі жастарды, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп органдары үшін кадрлық резерв дайындау және тәрбиелеу ««Динамо» қоғамының қызметінің негізі мақсаты болып табылады.
2.3. «Динамо»  қоғамы келесі мақсаттарға  құрылған:
1) Жаппай дене шынықтырумен, спортпен айналысуды, қызметтік, әскери қолданыстағы спорт түрлерін дамыту, спортшыларды олимпиадалық, жаппай және арнайы спорт түрлеріне дайындау;
2) ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің бағдарламалары мен іс-шараларының шеңберінде  халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қатысу;

4. «Динамо» қоғамының символикасы
4.1. «Динамо» қоғамының  эмблемасы мен жалауы бар.
4.2. «Динамо» қоғамының  жалауы үш жағынан шеттері ені 8 см болатын көгілдір түсті жолақпен  жиектелген, ұзындығы  үш метр, ені 1.5 метр тік төрт бұрышты пішіні бар ақ түсті матадан құралған. Жалаудың ортасында көгілдір түсті «Д» әрпі бейнеленген.
4.5. Сондай-ақ  «Динамо» қоғамының символикасы — эмблемасы бар. Қоғамының ресми іс-шараларын өткізу кезінде,  Қоғам  делегациясы қатысатын спорттық және басқа да ресми іс-шараларда қолданылады.
«Динамо» қоғамы эмблемасының көрінісі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт делегациясы мүшелерінің спорт киімдерінде қолданылуы мүмкін.
4.6. Қазақстан Республикасының аумағында  «Динамо» мен «Д»  тауар белгісіне ерекше меншік құқығы  «Динамо» ДШСҚ ҚБ тиесілі.

8. «Динамо» қоғамының бөлімшелері
Заңды тұлға боп табылмайтын және Қоғам Төрағасының бірінші орынбасары бекіткен бөлімшелер туралы ереженің негізінде әрекет ететін, аумақтық қағида бойынша құрылатын «Динамо» қоғамының  Бөлімшелері қоғамдық ұйымдық құрылымын құрайды.
8.1. Бөлімшелердің төрағалары Орталық  кеңестің төралқасының  үкімі бойынша тағайындалады, қызметінен босатылады, қоғамдық бастамаларда қызмет атқарады.