Олимпиадашылар

Олар еліміздің даңқын бүкіл әлемге паш етті

70-ші жылдарда аты аңызға айналған спорт шебері, классикалық балуан В. Г. Резанцев 1970 жылдан 1976 жылға дейін 2 рет Олимпиада және 7 рет Әлем чемпионы атанды.

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғаған тұңғыш қазақ — Олимпиада чемпионы атағын алматылық Шәміл Серіков (екі дүркін әлем чемпионы және Еуропа чемпионы) жеңіп алды. Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Анатолий Быков( күрес), Виктор Демьяненко. 

1980 жылы 29 шілдеде су добынан КСРО ерлер құрамасы Мәскеу Олимпиадасында жеңіске жетті. Аты аңызға айналған команда құрамында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, алматылық «Динамоның» ватерполшысы, Олимпиада және әлем чемпионы Сергей Котенко өнер көрсетті. Көп жылдар бойы  ол КСРО және «Динамо» (Алматы) құрама командасының капитаны болды. Греко-рим күресінен Дәулет Тұрлыханов КСРО-ның 7-дүркін, Азия, Еуропа, Әлем чемпионы және 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың жазғы және қысқы олимпиадаларда жеңіп алған 72 олимпиадалық наградаларының 60-ы динамошы спортшылардың еншісінде, оның ішінде 12 алтын, 19 күміс және 29 қола. 1996 жылы  Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында динамолықтар 9 медаль жеңіп алды. Алтын медаль иелері: Александр Парыгин (заманауи бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі). Күміс жүлдегерлер:  Сергей Беляев (атыс бойынша 2 медаль), Болат Жұмаділов (бокс) және 4 қола медаль иелері: Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбырайымов (бокс), Владимир Вохмянин (атыс), Мәулен Мамыров (еркін күрес).

1998 жылы Наганода өткен Қысқы Олимпиадада қола медальді Людмила Прокашева (конькимен жүгіру спорты) жеңіп алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында динамошылар 3 алтын, 2 күміс медаль алды. Алтынды Бекзат Саттарханов (бокс), Ермахан Ыбырайымов (бокс) және Ольга Шишигина (жеңіл атлетика), күмісті Болат Жұмаділов (бокс), Александр Винокуров (велоспорт) әкелді.

 

 

 

 

 

2004 жылы XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында (Афина) алтынды: Бақтияр Артаев (бокс); күмісті Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыр атлетика), Георгий Цурцумия (күрес), Геннадий Лалиев (күрес); қоланы  Серік Елеуов (бокс) жеңіп алды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008 ж. Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындарында алтын алқаны: Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), күмісті: Асхат Житкеев (дзюдо), Таймураз Тигиев (еркін күрес), Нұрбахыт Теңізбаев (күрес); қоланы: Елена Шалыгина (күрес), Марид Муталимов (күрес), Еркебұлан Шыналиев (бокс) иеленді. 2010 жылы Ванкуверде (Канада) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарында Елена Хрусталева биатлоннан күміс жүлдегер атанды.

Dinamovcy-Динамовцы

2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) өткен XXX  жазғы Олимпиада ойындарында динамолық спортшылар ел намысын қорғап, үлкен жетістіктерге ие болды: Александр Винокуров (велоспорт), Серік Сәпиев (бокс) алтыннан алқа тақса, күміс алқаны Әділбек Ниязымбетов (бокс); қоланы: Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Гюзель Манюрова (күрес), Иван Дычко (бокс), Ақжүрек Таңатаров (күрес) иеленді. 2014 жылы Сочиде өткен XXII Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қола жүлдегер атанды.

 

 

 

 

 

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында динамолықтар 11 медаль жеңіп алды. Алтын: Дмитрий Баландин (жүзу), Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Данияр Елеусінов (бокс); күміс: Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жапаркүл (ауыр атлетика), Василий Левит (бокс), Әділбек Ниязымбетов (бокс), Гюзель Манюрова (күрес); қола: Отгонцэцэг Галбадрах (күрес), Эльмира Сыздықова (күрес), Иван Дычко (бокс) алды.

2017 жылы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Галина Вишневская 2 алтын (биатолон) және 2 күміс медаль (жеке жарыс, аралас эстафета) жеңіп алды. Юлия Галышева 2 алтын (могул), Дмитрий Рейхард 2 алтын (могул,) Денис Тен алтын (мәнерлеп сырғанау), Абзал Ажгалиев (шорт-трек) күміс  алқаны жеңіп алды.

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылы Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында ҚР Ұлттық Ұлан аға лейтенанты Юлия Галышева қоладан алқа тақты.

 

 

 

 

 

 

Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарына жеңіп алған 97 лицензияның  72-ін  «Динамо» спортшылары алды. Олимпиадада ел қоржынына түскен 8 қола жүлденің  7-уі динамошылар еншісінде.  Олар: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон, еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, каратэшілер Дархан Асадилов пен Софья Берульцева. Токио Олимпиадасында әлем бойынша динамолық гимнастшы Милад Карими  топ-5,  садақшы Ильфат Абдуллин,  топ-10 рейтингіне енді. 

Бейжіңде (Қытай) өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 92 елінен спортшылар қатысты. 34 қазақстандық спортшы спорттың 8 түрінен 87 олимпиадалық лицензия жеңіп алды. Оның 28-і — «Динамо» қоғамының 70 спортшылары.
Динамошылар шаңғы жарысында, биатлонда, фристайл-могулда, фристайл-акробатикада, шорт-тректе, конькимен жүгіру спортында, тау шаңғысында, шаңғы қоссайысында және шаңғымен трамплиннен секіруде өнер көрсетті.

Барлық динамошы-шорт-трекерлер ТОП-10-ға кіре алды. 

1. Ең үздік нәтиже Абзал Әжіғалиевтің өнер көрсетуі болды. Ол 500 метр қашықтықта 4-орынға ие болып, топ — 5-ке кірді;
2. Әділ Ғалиахметов 1500 метр қашықтықта 8-орынды иеленіп, топ-10-ға кірді;
3. Денис Никиша 500 метр қашықтықта 8 — орын алды;
4. Аралас эстафетада шорт-тректен қазақстандық команда 5-орынға ие болды. Команда құрамына тек қана спортшы-динамовшылар кіреді: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Фристайл-могул
1. ҚР Ұлттық гвардиясының кіші лейтенанты Дмитрий Рейхерд-8 орын, топ-10 кірді;