Ақтауда жауынгерлік және спорттық самбодан  ұландықтар арасында турнир өтті.

Ақтауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының әскери қызметшілері арасында жауынгерлік және спорттық самбодан екі күнге созылған жарыс өтті.

Сайысқа Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау гарнизондарынан ат терлетіп келген 70-ке жуық мықты спортшылар күш пен ептілік бойынша сынға түсті.

Турнирдің ашылу салтанатына 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов, Маңғыстау облысының «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары запастағы полиция полковнигі Игорь Садыкин   және  «Жас батыр» спорт кешенінің директоры Манарбек Бисекеновтер қатысып, құттықтау  сөз сөйледі.

– Біздің  біріншіліқ жарысы өте тамаша тартысты болды. Турнир жоғары деңгейде өтті.Жарыс нәтижесінде өткен жылғы көшбасшылар өз орындарын сақтап қалды. Жеңімпаздар жоғары бәсекелестік жағдайында анықталды – қатысушылар арасында Еуропа және Азия чемпионаттарының, республикалық чемпионаттар мен біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды, – дейді «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, майор Бақтияр Қалдыбеков. «.

Спорттық самбодан жеке біріншілікте: 57 келіге дейін – 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе қ.) келген қатардаы жауынгер Базарбай Жасұлан, 64 келіге дейін – 5517 әскери бөлімінен (Орал қ.) сержант Жандос Өтеғұлов, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. 71 келіге дейін — 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе) қатардағы Ғазиз Бейбіт, 79 келіге дейін — 5517 әскери бөлімінен (Орал қ.) қатардағы жауынгер Қайрат Төлегенов 88 келіге дейін — 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе қ.) қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев, 95 келіге дейін — 6655 (Ақтөбе) әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Азат Қуанов, жекелей сында жауынгерлік самбодан 5546 әскери бөлімінің (Атырау) капитаны Жаутай Ризабеков 71 келі салмақта чемпион атанды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 6655 әскери бөлімінің  командасы  жеңіске жетті. Турнирдің күміс жүлдегерлері есепте 5517 әскери бөлімінің спорт ұжымы (Орал қ.) .Үшінші орынды 3502 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды (Ақтау қ.). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Серіктестер
Видео