2022 жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында Қостанай облыстық самбо күресі федерациясы, №1 Қ.Оспанова жасөспірімдер спорт мектебі мен ДШСҚ ҚБ бірлесіп жас динамошылар арасында самбодан турнир өткізді. Іс — шараға 2010-2014 жылы туылған 100-ден астам спортшы қатысты. Іс-шара елімізде жарияланған бала жылына орайластырылды. Салтанатты ашылу рәсімінде самбомен айналысатын балалар мен жасөспірімдерге спорттық жабдықтар берілді.
Самбодан жас динамошылар арасында турнир өтті
- 19 сентября, 2022
- 11:39 дп