Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында қазақстандық құрама 21 жүлдеге қол жеткізді. Медаль қоржынына Полиция департаменттерінің, құрылымдық бөлімшелердің және ҚР ІІМ Академияларының қызметкерлері – динамолық спортшылар ең көп үлес қосты.
Әлем чемпионатының марапаттары үшін 37 елден 204 спортшы бақ сынасты. Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан командасын ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс Министрлігі және басқа да күш құрылымдарының спортшылары құрады. Жалпы командалық есепте біздің құрама екінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшылар мен спортсмендер бәсекелі және қызықты күрес көрсетті. Біздің республикамыздың спорттық намысын қоян-қолтық ұрыстан еңбек сіңірген спорт шеберлері, Әлем және Еуропа чемпиондары, кәсіби спортшылар арасында (UFC) турнирлердің танымал жауынгерлері қорғады. ҚР құрамасының медаль қоржынына ҚР ІІМ құрылымдық бөлімшелерінен, облыстық Полиция департаменттерінен, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясынан және динамошылардың спорт клубтарынан дене шынықтыру ұжымдарының спортшылары үлкен үлес қосты. Олар 13 медаль, оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 6 қола жеңіп алды.
60 және 85 келі салмақтағы әлем чемпионы болып Атырау облысы ІІД полиция капитаны Ұлан Мұқашев пен астаналық МКҚ қызметкері Нұрсұлтан Бекбатшаев танылды. «Динамо» спорт клубының бапкері Қайрат Мұқанбеков 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 40 жасқа дейінгі спортшылар арасында «алтынды» жеңіп алды. Әлем біріншілігінің күміс жүлделерін 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақтөбе Полиция департаментінің аға лейтенанты ЖӘАЖ-ның инспекторы Айдын Төлепбаев және 90 келі салмақта Астаналық МКҚ қызметкері Серік Әбиров жеңіп алды. Әлем чемпионатының боз кілемінде Қазақстаннан келген нәзік жандылар да сауатты жекпе-жектерді, тамаша ойын көрсетті. 75 келі салмақ дәрежесінде ҚР ІІМ ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері ОВ -156/21 мекемесінен Кадр саясаты бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты – Жұмақаева Әсел Маратқызы «күміс» жеңіп алды. ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының түлегі 70 келі салмақ дәрежесінде күрескен Анеля Сейтмұрат «қола» жүлдені қанжығасына байлады.
Қоян-қолтық ұрыс бойынша әлемдік біріншіліктің қола медалін Алматы қ. МКҚБ аға полиция сержанты Жандос Асқарбекұлы (80 кг) және оның әріптесі – сержант Ердәулет Жеңіс ( 90 кг), ҚР Ұлттық Ұланнан «Бүркіт» бөлімшесінің подполковнигі, нұсқаушысы Арман Ахашев (100 кг, жоғары) және қоян-қолтық ұрыс бойынша «Динамо» спорт клубының нұсқаушысы Ислам Тұрғанбаев (65 кг) жеңіп алды. Санкт-Петербургтегі әлемдік боз кілемде біздің динамолық ардагерлеріміз де өз шеберліктерін көрсетті. 75 жастағы қоян-қолтық ұрыс шебері, ІІО ардагері Рустам Хакімұлы Абдалимов 55 жастан асқан спортшылар арасында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде «күміс» медаль жеңіп алды. Осы категорияда біздің құраманың қоржынына ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әлем чемпиондарын тәрбиелеген «Динамо» ДШСҚ қоян-қолтық командасының жетекшісі Бақытбек Баймұханбетов «қола» жүлдеге ие болды. Қазақстандық қоян-қолтық ұрыс шеберлерінің өткен жылғы әлем біріншілігінде қазіргі өнер көрсетуі әлдеқайда табысты: бір жыл бұрын олар тек 9 медальға қол жеткізді.
Біздің спортшылардың 2019 жылғы ӘЧ-дағы табысы кездейсоқ емес: қоян-қолтық ұрыс – тәртіп пен басқа да күш құрылымдарының дене дайындығы жүйесіндегі спорттың негізгі түрлерінің бірі және оған үлкен көңіл бөлінеді. Өзінің кәсіптік шеберлігін спортшылар, полиция қызметкерлері әрдайым республикалық және халықаралық жарыстарда шыңдайды, арттырады.