Алматы қаласының күштік құрылымдар арасындағы шағын футболдан турнир

Алматы қаласында «Динамо» спорт қоғамының IX Спартакиадасы аясында күштік құрылымдар арасындв шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа 12 команда қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша:
1-орын — Алматы қ. Полиция департаменті;
2-орын — Алматы қ. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы;
3-орын — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.
Жеке номинациялар бойынша «Үздік шабуылшы» — Арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы командасының ойыншысы Жегенбай Айзат;
«Үздік қорғаушы» — Мемлекеттік күзет қызметі командасының ойыншысы Рысбаев Дамир;
«Үздік қақпашы» — Алматы қ. Полиция департаменті командасының ойыншысы Нұрабаев Дамир атанды. Жеңіске жеткен командалар мен ойыншылар спорт қоғамының кубоктары мен дипломдарымен марапатталды.