«ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР»
Ауыр атлетикадан ҚР чемпионы Дәурен Рымқұлов 6 адамды өрттен аман алып қалды
Спортшы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Дәуреннің әкесі Амангелді Құрманұлы Рымқұлов, қазақ жастарының арасынан шыққан ауыр атлетикадан тұңғыш КСРО спорт шебері, көптеген мықты спорт шеберлерін тәрбиелеген Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы
«Әке көрген оқ жонар» демекші осындай намысты, ержүрек ұл тәрбиелеген әке де марапатқа лайық. Әкелі-балалы Рымқұловтарды Мәдениет және спорт вице-министрі Сакен Мұсайбеков те марапаттады.