Ақмола облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан «Динамо» ДШСҚ біріншілігі өтті

2021 жылдың 13 наурызында Көкшетау қаласының шаңғы базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ақмола облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан «Динамо» ДШСҚ біріншілігіне жарыс өтті


Жарысқа қатысқан 5 команда үздік шаңғышылар атағына таласты. Нәтижесінде полиция департаментінің командасы бірінші орынды, екінші орынды ҰҚКД қызметкерлері, үшінші орынды Көкшетау қаласы полиция басқармасы қызметкерлері иеленді.
Әйелдер арасындағы жеке есепте ҰҚКД командасынан Арман Досанова үздік болды, екінші орында Ақмола облысы ПД-нен Нәзира Тұрсынбаева және үшінші орында Зарина Сүлейменова (Көкшетау қ.ПБ).
Ерлер арасында жеке есепте Ерсайын Елюбаев (полиция департаменті) жеңімпаз атанды, екінші орында 5510 ә/б командасынан Жандос Білгімбаев және үшінші орында ҚАЖД командасынан шаңғышыларды екінші орынға басып озған Виталий Гизатулин (Ақмола облысының полиция департаменті).