Кез келген ұлттың болашағы жас ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқан да соңы ілерсің» деген дана халқымыздың сөзін тілге тиек етіп, отбасында алған тәрбиенің маңыздылығы осында жатқанындығын аңғаруға болады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.
Әке мен ана, бала үшін адалдық пен мейірімділікке, әдептілік пен имандылыққа баулушы маңызды адамдар. Отбасында осындай тәрбие көрген бала адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Ата – аналардың балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін және денсаулықтарын сақтау, баянды өмірге толы қоғам құру үшін барлық жағдай жасау басты міндеті.
Осылайша, 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, Қарағанды қаласының полиция басқармасы ғимаратында мерекелік іс – шара өткен болатын. «Конбой» қуыршақтар тобы барлық балалардың көңілін көтеру мақсатында түрлі ойын-сауықтар жүргізіп, сыйлықтар таратылды. Ғимараттың ішкі жағында балаларға ойнауға арналған арнайы техникамен құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар балалар атракциондары, балалар көліктері және велосипедтері де болды. Барлық көңілді балаларға қалаған тәттілер және балмұздақтар, сусындар таратылды. Жалпы айтқанда, аталмыш күн ата – аналар үшін балалар әрдайым қамқорлыққа бөленіп, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олардың болашағына жауапты екендігін ескертетін болса, балалар үшін бұл күн ерекше қуанышқа бөленетін, қуанатын күндердің бірі екені сөзсіз. Келешекте осындай шараларды өткізудің маңыздылығы мен алар орны ерекше.