Динамолық шабандоз Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионы атанды

Динамолық шабандоз Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды. Ол элитадағы ерлер арасында жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті. 24 шақырым қашықтық Федоров 28 минут 45.197 секундта жүріп өтті. Ол ҚР Ұлттық ұланының 5514 ә/б мерзімді қызметінің әскери қызметшісі. Сонымен қатар Федоров тас жол велоспорты бойынша командалық жарыста Азия чемпионы атанған Қазақстан құрама командасының құрамында болды