Словендік Коперде Әлем Кубогы кезеңінде спорттық гимнастикадан команда сәтті өнер көрсетті. Біздің спортшылардың есебінде үш күміс медаль бар. Жеңіс тұғырының (брустарға/білеулерге арналған жаттығулар және еркін жаттығулар бойынша) екінші сатысына екі рет Милад Карими көтерілді. Сондай-ақ, екінші нәтиже бойынша Ілияс Азизов ат үстінде жаттығудан көрінді.