Токио Олимпиада бағдарламасына алғаш енгізілген спорт түрі каратэден Қазақстан намысын қорғаған алғашқы динамолық спортшы 67 келіге дейінгі салмақта Дархан Асаділов өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевпен кездесіп, тағы да 6:2 есебімен басым түсті. Үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. Топтағы соңғы кездесуде Дархан египеттік Әли Әл-Савимен кездесіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Дархан «В» тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды.
Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.
.