Динамолық Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды!

Ауыр салмақ бойынша сынға түскен динамолық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездесті. Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді. 

Ширек финалда ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті.  Жартылай финалда АҚШ өкілі Ричард Торреспен жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақат алуына байланысты тоқтатылып, қарсыласына жол берді.

Нәтижесінде, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды