Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогы аяқталды. Әлемнің 30 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Турнир бағдарламасына «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» кірді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орын алды. Медаль қоржынына ең көп үлес қосқан динамолық спортшылар — полиция департаменттерінің, құрылымдық бөлімшелердің, ҚР ІІМ Академиясының, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлері. Олар 12 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 алтын, 2 күміс және 6 қола.
«Өзін-өзі қорғау» бойынша
1️⃣ Әлихан Сейітов, ҚР ІІМ Атырау облысы бойынша ПД
1️⃣ Баймұхамбетов Бақытбек, Алматы қаласы бойынша Динамо
2️⃣ Вальтер Сергей, Павлодар облысы бойынша Динамо
2️⃣ Дюсембеков Ерболат, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы
3️⃣ Исмағамбетов Мұрат, ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығының бастығы Павлодар қаласы
3️⃣ Насихатов Бек, Атырау облысы бойынша Динамо
3️⃣ Есенғалиев Хайдар, Атырау облысы бойынша Динамо директоры
«Жекпе-жек» бойынша
1️⃣ 65 кг Арапбай Сауран, курсант ҚР ІІМ Ұлттық гвардия әскери институты Петропавл қаласы
1️⃣ 85 кг Саметаев Айбек, ҚР ІІМ ШҚО бойынша ПД
3️⃣ 60 кг Жылысбеков Асхат, Нұр-сұлтан қаласы бойынша ПД
3️ ⃣️ 70 кг Бектемір Саят, ҚР ІІМ ҚАЖК оқу орталығының оқытушысы Павлодар қаласы
3️⃣ +90 кг Шантасов Мирас, ҚР ІІМ Атырау облысы бойынша ПД.