Динамошы Эльмир Алимжанов семсерлесуден Халықаралық Кубоктан алтын иеленді

4 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай)  өткен Еpee Cup 2021 ерлер семсері бойынша МК Академиясының Халықаралық Кубогінде  динамошы Эльмир Алимжанов финалдық жекпе-жекте ОИ-2020 қола жүлдегері және әлемдік рейтингтің көшбасшысы Игорь Рейзлинді (Украина) 15-14 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.