Динамошы Ұландық жауынгерлер шорт – тректен әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Канаданың Монреал қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның ерлер командасының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Құраманың арасында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің мерзімдік әскери қызметшілері қатардағы жауынгер Қажғали Нұртілек пен Галиахметов Адиль өз өнерлерін көрсетті. Біздің спортшылар 5000 метрлік эстафетаға сайысқа түсіп 7:07.972 көрсеткіш нәтижесімен 2-орынды иеленді.
Бұл біздің еліміз үшін көптен күткен жүлде. Соңғы рет ерлер эстафетасында осыдан бес жыл бұрын 2017 жылы әлем кубогында қола медаль еншілеген еді. Айта кетейік жарысқа әлемнің 20 елінен 100-ге жуық спортшылар қатысып өз ара бақ сынасты.
«Динамо» спорт қоғамы Ұландықтарды тұғырлы жеңістерімен шын жүректен құттықтап, алдағы сайыстарда жеңісті күндерінің жалғасуын тілейді.