«Динамо» ДШСҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Nomad MMA стилінің облыстық оқу-жаттығу жиыны өтті

2021 жылғы 13 ақпанда»Динамо» ДШСҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының спорт кешенінде барлық санитарлық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Токио қаласындағы Олимпиада ойындарына, сондай-ақ бейбітшілік пен сенім жылына арналған Nomad MMA стилінің облыстық оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жиынға ШҚО (Өскемен, Риддер, Семей, Бородулиха, Көкпекті, Алтай) аралас жекпе-жектер клубынан 11 жаттықтырушы және 7-8 қатысушы қатысты.
«NOMAD MMA ДИНАМО» клубынан да осы жиындардың жүлдегерлері бар: Қалижанов Расул, 15 жас, 50 кг салмақ санаты-1 орын; Ризабекұлы Мақсат, 15 жас, 50 кг салмақ санаты-2 орын;
Худиев Радмир, Жасы 16, 50 кг дейінгі салмақ санаты — 3 орын; Сайлауханов Нұрислам, жас санаты 10-11 жас, салмақ санаты 28 кг-1 орын;
Снигирев Михаил, жас санаты 6-7 жас, 30 кг дейінгі салмақ санаты-2 орын; Снигирева Анастасия, жас санаты 9-10 жас, 40 кг дейінгі салмақ санаты — 2 орын; Манапов Нұрым, жас санаты 16-17 жас, салмақ санаты 56 кг — 1 орын; Иванов Артем, жас санаты 10-11 жас, салмақ санаты 42 + кг — 2 орын.