26-28 қазан аралығында Қарағанды қаласында ұлдар, қыздар және ересектер арасында NOMAD MMA стилі бойынша Ашық Азия чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 750-ден астам спортшы қатысты! Алты қатысушы ел: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Иран, Пәкістан, Қырғызстан.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 2 курс курсанты Нұрасыл Қаликанов Азия чемпионы атанды! Бұл жалғыз жетістік емес — үшінші курс студенті Алайдар Құрбанбек чемпионатта 3 орын алды!
Біздің спортшыларымыздың жаттықтырушысы-Академияның дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті, полиция полковнигі Болат Құлтаев.
Біз жаттықтырушы мен курсант-спортшыларды құттықтаймыз, спорт пен оқуда одан әрі табыс тілейміз!