«Динамо» ФСО ҚБ Қостанай облыстық филиалы самбо күрес федерациясымен және Әулиекөл ауданының әкімдігімен бірлесіп Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовты еске алуға арналған 2005-2006 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен дәстүрлі республикалық турнир өткізді. 15 команда қатысты. Қостанай облысының өкілдерінен басқа, турнирге Нұр-сұлтан, Алматы қалалары , Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының құрама командалары қатысты. Жалпы командалық есепте:
1 орын — Алматы облысы;
2 орын — Әулиекөл ауданы (Қостанай облысы);
3 орын — Қостанай қ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.