САМБО САҢЛАҚТАРЫ САРАЛАНДЫ

Мамырдың 10-12 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу-спорт кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы дала сақшылары» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған самбо және жауынгерлік самбодан екінші ашық республикалық турнир өтті.  Оны Қазақстан Республикасының Генералдар кеңесі, Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы ұйымдастырды.Дәстүр бойынша турнирге қатысушылар соғыс жылдары қаза тапқандарды, сондай-ақ тылда жеңіске жеткендерді еске алып, 28  гвардияшыл-панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалына естелік гүл шоқтарын қойды.Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген тоғыз салмақ дәрежесінде 200-ден астам үздік спортшылар сынға түсті. Турнирдегі шеберліктің жоғары деңгейін облыстық полиция департаменттерінің, ҚР ҰҚК, ҚР Ұлттық ұланның, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-десант әскерлерінің, ҚР ІІМ Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Прокуратурасының, ҚР ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері мен қызметшілері көрсетті. ҚР Спорт және туризм академиясының студенттері және бейінді спорт клубтары жүлде мен марапаттарға ие болды.  Өз шеберліктерін көрсету үшін бізге Қырғызстан спортшылары да келді. Спорттық самбода командалық орындар қорытындысы  бойынша 1-орынды Алматы қаласының командасы жеңіп алды. 2-орынды Қарағанды облысының командасы олжаласа, 3-орынға Шымкент қаласының командасы  жайғасқан. Жеке біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы Орталық кеңесінің  медальдарымен және грамоталарымен және Самбо және жауынгерлік самбо күресі федерациясының сыйлықтарымен марапатталды.Бұл біріншіліктің басты мақсаты – жас ұрпақты патриоттық және дене тәрбиесі, самбо және жауынгерлік самбо күресінің жаппай дамуына ықпал ету, құқық қорғау органдары мен еліміздің қауіпсіздігін қорғауда тұрған органдар үшін лайықты резерв дайындау және әрине, спорттық шеберлік деңгейін арттыру.