СҚО-да погондағы үздік балуандар марапатталды

СҚО-да құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдардың қызметкерлері арасында Qazaq kuresi бойынша ҚР ІІМ екінші чемпионаты және «Динамо» ДШСҚ VIII ведомствоаралық Спартакиадасы өтті.

 

Александр Винокуров атындағы спорт сарайының боз кілемінде  екі күн бойы  мықты палуан атағы үшін ҚР Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар комитеті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасы, Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері погонды 138 спортшы бақ сынасты.

Спортшылардың көпшілігі ҚР ІІМ құрама командаларынан және облыстық Полиция департаменттерінен құралды. Чемпионаттың салтанатты ашылуына облыс басшылығы, СҚО құқық қорғау органдарының басшылары және «Динамо» ДШСҚ орталық аппаратының басшылығы, сондай-ақ Qazaq kuresi республикалық федерациясының президенті Арман Шораев, жеке құрам және полиция ардагерлері қатысты.  «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов атап өткендей, республикалық жарыстарға ҚР ІІМ-нің барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ күштік және арнайы құрылымдарда өңірлік жарыстар өткізілген болатын.

Чемпионаттың бірінші күні ауыр салмақтағы 80 келі және одан жоғары спортшылар белдесті. Екінші күні жеңіл салмақтағы мықтыларды анықтады.   Және біріншілікті ақтық кездесулер аяқтады. Төрт салмақ дәрежесі бойынша погондағы үздік палуандар атағы үшін күрес оңайға түспеді. 82 келі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы ПД атынан Әмір Хабибуллаев алға суырылып шықты. 90 кг салмақ дәрежесінде Ақмола облысының ПД-нен Әсет Жүнісов жеңіске жетті, ал Алматы облысының ПД-нің өкілі Александр Косачев 100 кг салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ауыр салмақтардың арасында ең мықтысы Қарағанды облыстық ПД-нің  өкілі Самат Амантаев болды. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жеңімпаздарды марапаттады.

Динамолық спартакиадада ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің командасы алға шықты.  Жүлделі үшінші және екінші орын үшін диплом мен кубоктар тиісінше Қарағанды және Жамбыл облыстарының командаларына табыс етілді. Осы жаңа ведомстволық турнирдің және Динамо» дене шынықтыру қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының басты мақсаты – ІІМ және басқа да құрылымдар қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыру, күрес дағдыларын пысықтау, мықты спортшыларды анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Qazaq kuresi федерациясының президенті Арман Шораевтың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жекпе-жек дағдыларын меңгеруі тиіс, себебі бұл олардың тікелей қызметтік міндеттері: құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыспен күресу: «мұндай жарыстар қызметкерлердің дайындық деңгейінде жағымды көрініс табады деп есептеймін. «Qazaq kuresi»  әдемі және қызықты ғана емес, сонымен қатар қолданбалы мәнге ие, сондықтан да Qazaq kuresiнің қыр-сырын  көрген, меңгерген құқық қорғау органдарының кез келген қызметкері «әккі» деген қылмыскердің өзін батыл тоқтата алады», – деді Арман Шораев.