СҚО-да погондағы 138 спортшы «Qazaq kuresi» бойынша ҚР ІІМ Чемпионатына қатысады

СҚО-дағы, Александр Винокуров атындағы спорт сарайында құқық қорғау органдарының өкілдері арасында «Qazaq kuresi» бойынша  ҚР ІІМ екінші чемпионатының ашылуы өтті.

Көптеген спортшылар – ҚР ІІМ құрама командаларынан және еліміздің барлық полиция департаменттерінен құралған полицейлер. Сондай-ақ,  жарысқа Төтенше жағдайлар комитетінің, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері бақ сынасады.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына облыс басшылығы, СҚО құқық қорғау органдарының басшылары, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының Орталық кеңесінің өкілдері, Qazaq kuresi федерациясының президенті Арман Шораев, жеке құрам және полиция ардагерлері қатысты.  Спорттық іс-шараның ашылуында: «Азаматтар оларды нағыз батырлардың қорғайтынын көрулері керек. Чемпионатты өткізу және Qazaq kuresin дамыту – бұл «Рухани жаңғыру» идеясын дамытудағы негізгі фактор. Сонымен қатар, бұл спорт түрі біздің халқымыз үшін дәстүрлі болып табылады», –  деп атап өтті СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев.

Республикалық чемпионаттың бірінші күні белдесуде 80 келі және одан жоғары салмақтағы спортшылар күресті. Екінші күн жеңіл салмақтағы мықтыларды анықтауға, сондай-ақ финалдық тартыстарға арналады. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Орталық кеңесінің орынбасары Асқар Омарқұловтың айтуынша, 138 қатысушының 23 командасы алты салмақ дәрежесінде сынға түседі.  Республикалық чемпионатқа ҚР ІІМ-нің барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ күштік және арнайы құрылымдарда өңірлік жарыстар өткізілген болатын. Жарыстың басты мақсаты – ІІМ қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыру, күрес дағдыларын жетілдіру, мықты спортшыларды анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

 

 

 

 

 

Жарысқа қызмет көрсететін төрешілер бригадасы Qazaq kuresi Республикалық Федерациясының жоғары ұлттық санаттағы білікті төрешілерімен жасақталған. Бас төреші –  ҚР ұлттық дәрежедегі төрешісі Асылхан Булатов.

 

Qazaq kuresi федерациясының президенті Арман Шораевтың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жекпе-жек дағдыларын меңгеруі тиіс, себебі бұл олардың тікелей қызметтік міндеттері: құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыспен күресу: «мұндай жарыстар қызметкерлердің дайындық деңгейінде жағымды көрініс табады деп есептеймін. «Qazaq kuresi»  әдемі және қызықты ғана емес, сонымен қатар қолданбалы мәнге ие, сондықтан да Qazaq kuresiнің қыр-сырын  көрген, меңгерген құқық қорғау органдарының кез келген қызметкері «әккі» деген қылмыскердің өзін батыл тоқтата алады», – деді Арман Шораев.

Астаналық меймандардың пікірін Солтүстік Қазақстан полициясының басшылығы да бөліседі. СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың айтуынша, солтүстікқазақстандықтардың жекпе-жекке дайындығы бағдарламасында басым бағыттардың бірі орын алады. Чемпионатты өткізу полиция қатарын жастармен толықтыруда перспективалы жауынгерлерді анықтауға, сондай-ақ әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Чемпионаттың жабылуы 29 маусымда өтеді.