Таразда 5513 әскери бөлімі қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

 Қазан айының 4-6 күндері  «Динамо» спорткешенінде  5513 әскери бөлімі қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 5513 әскери бөлімінің барлық бөлімшелерінен құралған 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:

 1-ші орынды —  Жедел мақсаттағы 2 батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасы;

2-орынды – 1-ші атқыштар ротасы;

3-орынды – 2-ші атқыштар ротасы иеленді.

            Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок медальдармен, үздік ойын көрсеткен қатысушыларға  бағалы сыйлықтармен марапатталды.