1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Динамо» ОК және 15 облыстық және бір қалалық филиал қызметкерлері «Динамо — Қазақстан балаларына» және «Бақытты балалық шақты қорғау» акциялары аясында өздерінің қамқорлығындағы 29 балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында болып қайтты.
Біз Бағанашыл ықшам ауданындағы балаларға қамқорлықтағы облыстық № 1 балалар үйіндегі оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырылған мерекенің тап үстінен түстік.
Біз өз қамқорлығымыздағы балалар дайындаған тапмылжыған әндері мен мың бұрала билеген бишілердің биіне тәнтің болдық. Олардың арасында қаншама таланттар бар десеңізші!
Біздің жас динамолық семсерлесушілер секциясының спортшылары балаларға көрсетілім жасап, өнер көрсетіп, өздерінің үйренген семсерлесу тәсілдерін көрсетті.
Концерттен кейін біз балаларға спорттық құрал-жабдықтар, спортпен шұғылдануға арналған киім-кешек және әр түрлі танымдық ойындарды сыйға беріп, 110 тәрбиеленушінің жартысынан көбі спортпен шұғылданатынын білдік. Ұлдар бокстан, таэквондо, самбо, жиу-житсу, қоян-қолтық ұрыстан жақын маңдағы клубтарға барады. Қыздар да артта қалмайды, олардың көбі да жекпе-жекпен айналысады. Сондықтан біздің құрал-жабдықтар олардың кәдесіне жарайды.
Біз балалармен қамқорлыққа алынған екінші қалалық балалар үйінде кездестік.
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Сұлтан-Динамо» клубының жас боксшыларының тәлімгері Рахымжан Сыдықов барлық қазақстандық ұлдардың еліктейтін, сүйікті боксшылары – Геннадий Головкиннің спорттағы алғашқы қадамдарын қалай жасағанын, өзінің үлкен спорттағы жолы, жеткен жетістіктері туралы баяндап берді және балаларды «Динамоға» спортпен шұғылдануға шақырды.