Теңбіл доп шеберлері анықталды

Қазан айының 22-25 аралығында Жастар жылына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы арасындағы спартакиада бағдарламасы бойынша шағын футболдан ҚР ІІМ мен «Динамо» ДШСҚ чемпионаты өткізілді. Бәсекеге бес команда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланның Петропавл қаласындағы әскери институты, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы қатысты.

Жарыстың салтанатты ашылуында құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі Жүзенов Шоқан Еркенұлы, «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы бірлестігі орталық кеңесінің бірінші орынбасары Омарқұлов Асқар Әлирахымұлы, Футбол ойынының майталманы (Қайрат футбол командасының ардагері)  Ордабаев Құралбек Досжанұлы, Бостандық ауданы әкімінің аппаратты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышев Бекжан Орынбайұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарынан келген футболшылар арасында өткен чемпионат мәреге жетті. Теңбіл доп шеберлері анықталды. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының командасы өздеріне артылған үмітті ақтап екінші орынға ие болды. Өз ықыластарын барынша көрсеткен Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының командасына үшінші орын бұйырды.

Жарыстың «Үздік шабуылшы» аталымын Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты командасының 2 курс курсанты Молдабаев Нұрсұлтан жеңіп алды. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы командасының 3 курс курсанты Айтбаев Мадияр «Үздік қорғаушы» атанды. Ал Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы командасының 4 курс курсанты Қазбек Сұлтан «Үздік қақпашы» аталымын еншіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Кененбаев Серік Мәлікұлы жарысқа қатысушылардың белсенділігін атап айтып, командаларды құттықтап,  алғысын білдірді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жарыстың бас төрешісі Жансарбаев Абай Балтабекұлы, бас хатшысы Картацева Валентина Владимировна, жарыс төрешілері Нұрлыкешов Жандос Қамиұлы, Нұрғазин Әнуарбек Қуандықұлы марапатталды. Жарысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің грамотасымен, кубоктарымен медальдарымен және Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының дипломдарымен марапатталды. Командалардың жетекшілеріне де Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының алғыс хаттар табысталды.

Жарысты тиісті дәрежеде ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алматы қаласының «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы, өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталды.