Токиодағы олимпиадаға динамовшылар қоржыны тағы үш жолдамамен толықты


Алматыда өтіп жатқан күрес түрлері бойынша Азиялық олимпиадалық турнирде динамолық спортшылар 3 лицензия жеңіп алды.
Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Татьяна Ахметова-Аманжол финалға шығып, жекпе-жектің қорытындысы бойынша лицензия жеңіп алды. Оның қарсыласы Корея спортшысы Хунджу Ким болды. Татьяна 11: 1 есебімен жеңіске жетті.
Грек-рим күресінен  Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын алды. Оның қарсыласы Фей Пэн (Қытай) жарыстан шығып қалды. Осылайша турнирдің алтын медалі біздің динамолық спортшыға бұйырды.
Еркін күрестен Юсуп Батырмурзаев 125 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Финалда ол Моңғолияның қарсыласы Лхагвагерель Мунхтурмен кездесті. Олардың жекпе-жегі біздің Юсуптың 4:2 есебімен жеңісімен аяқталды.