Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Милад Карими іріктеу қорытындысы бойынша бірден үш олимпиадалық финалға жолдама алды: көпсайыс, еркін жаттығу және кермеде жаттығу.
Көпсайыс финалында ол 82,530 ұпай жинап, 14 орынға табан тіреді.
Еркін жаттығулар финалында ол 14.133 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған қорытынды хаттамада бесінші орын алуға мүмкіндік берді.
Керме жаттығулар финалында ол екі рет құлапқалды. Бұл оның бағасына қатты әсер етті. 11,266 ұпаймен ол сегізінші орынға орналасты.