«Түнгі лига» шағын футбол турнирі

Жуырда Талдықорған қаласындағы «Динамо» спорт кешенінің базасында Алматы облысы әкімінің аппараты, облыстық дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат басқармалары және «Динамо» АОФ ДШСҚ ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Түнгі лига» шағын футбол турнирі болып өтті. .Жарысқа облыс әкімінің аппараты, Талдықорған қаласы әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ауыл шаруашылық басқармасы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жер қатынастары басқармасы, ішкі саясат басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасы, туризм басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы, мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы, мемлекеттік сатып алу басқармасы, цифрлық технологиялар басқармасы мемлекеттік қызметшілерінен жасақталған 8 команда қатысты.
Жарыс қортындысы бойынша 1-орынды облыстық ішкі саяса пен спорт басқармасы, 2- орынды мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы, 3- орынды облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы иеленді. Ал «Түнгі лига» кубогын облыс әкімі аппаратының командасы жеңіп алды.