ІІО қызметкері -“Әулиеата үміті” жастар сыйлығының лауреаты

 Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жас мамандарды марапаттады.

Үздіктер қатарында Жамбыл облысының Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетова бар. Ол ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет атқарады, ҚР ІІМ Академиясында білім алған. Оның қызметтік міндеттеріне саусақ іздері, трассология және суық қаруды зерттеу жұмыстары кіреді.

Криминалистикалық зерттеулер жүргізуге, тергеу әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуға рұқсаты бар. Ол осыған дейін “Жедел-криминалистикалық қызметке-100 жыл” және “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен, ПД бастығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Облыс әкімі оған “Әулиеата үміті” жастар сыйлығын табыс етті.