Қоян-қолтық ұрыстан Елбасы Кубогі сарапқа салынды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұрсұлтан қаласында «Жекпе-жек» сарайында  қоян-қолтық және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кубогі үшін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ең мықты балуандары бақ сынасты. Барлығы 409 спортшы қатысты, олардың ішінде әлем, Азия және Еуропа чемпиондары, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 70-тен астам ҚР спорт шебері, бірнеше жүзден астам кандидат және қоян-қолтық ұрыс бойынша бірінші дәрежелі иегерлері бар. Әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша жалпыкомандалық есепте ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасы үздік деп танылды, екінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары ие болса, үшінші орынға ҚР Ішкі істер министрлігінің командасы және Өзбекстан құрама командасы табан тіреді.

Осы Турнирде Динамолық спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ 75 кг салмақта Мухитов Эльдар 3 орын, 90кг салмақта Шантасов Мирас чемпион атанды.