ҚР Тәуелсіздік күніне орай үш өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Ішкі істер министрі Ерлан Тұргумбаев Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі,  азаматтық қорғау кіші сержанты Сматиллаев Марат Шакирұлын, Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Баймурзин Қуанар Қадырбайұлын, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 39 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Төлеуқасимов Ғалымжан Серікұлын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерліктері, батылдықтары мен қайсарлықтары үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

????????????????????????????????????

Бұл өрт сөндірушілер қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде батылдық, жанқиярлық және батырлық танытты.