Қызылорда облыстық «Динамо» спорттық кешенінде Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап және Ішкі істер органдарының жедел қызмет саласының құрылғанына 103 жыл толуына орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Динамо» спорттық кешенінде кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.
Спорттық шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасының, қалалық прокуратураның, Желілік полиция бөлімінің жеке құрамы және еріктілер қатарынан құрылған командалар сайысқа түсті.
Тартысты додада 1 орынды Желілік полиция бөлімінің құрамасы қанжығасына байласа, 2 орын Қызылорда қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің құрамасына, ал 3 орын Жол-патрульдік полиция батальонының құрамасына бұйырды.
Іс-шара соңында құттықтау сөздер айтылып, жүлделі командалармен белсенді ойыншыларға марапаттау дипломдары табысталды.