Қызылорда облысының полиция Департаменті бөлімшелерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ,,Динамо» сауықтыру спорт кешенінде Қызылорда облысының полиция Департаменті бөлімшелерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысты. Жарыста 1- орынға Департаментінің арнайы даярлық басқармасының кадр басқармасы, 2- орынға қалалық полиция басқармасының құрама командасы, 3 – орынға патрульдік полиция батальоны ие болды. Барлығы облыстық полиция Департаментінің және Қызылорда облыстық филиалының сыйлықтарымен мадақталды. Және 4 номинация бойынша үздік ойыншы, қорғаушы, шабуылшы және қақпашы  жеке спортсмендер марапатталды.