Әлем чемпионы атанған Роза

Сайыпқыран

Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің аппаратында ер азаматтармен бірР¬Р-ЬиСLЦЦС-ЦиЦ Р-С-С-С Р¦С+Р-С+С- Р¦Р-ЬЬЦЦС-ге нәзік жанды арулар да абыроймен қызмет етіп келеді. Солардың бірі де бірегейі Искаренова Роза Қалымбекқызы. Ол биылғы жылдың сәуір айында Қоян-қолтық күрестен Мәскеуде өткен Әлем чемпионатының чемпионы атанды. Қазіргі уақытта ол облыстық ІІД-нің Жылдам әрекет ететін арнайы жасағының инспекторы, полиция лейтенанты.

Қызмет бабымен бөлімге кіріп, іс қағаздарын ретке келтіріп жатқан аруды көріп, оның Жылдам әрекет ететін арнайы жасақ құрамында қызмет ететінін біліп, таң қалдым. Өйткені, мұндай қызметке тек ер адамдар ғана қабылданатынын білеміз. Сөйтіп, қызметкерді толық танып білу біздің мақсатқа айналды. Сәтін салып таныстық.

Әке жолын қуып, ішкі істер органдарында қызмет етуді таңдаған біздің кейіпкеріміз спорт майталманы. 1985 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген Роза мен оның сыңары Алла Искареновалар талай спорт додаларының жеңісті тұғырларын бағындырған қайсар арулар екен. Қос ару қаладағы №14 орта мектепте білім алып жүріп, ауыр атлетика жанры бойынша спорт секциясына жазылып, жаттығыпты. Бір жылдан астам уақыт айналысып, қалалық, облыстық спорт сайыстарында жетістіктерге де жетіпті. Степногорск қаласында өткен облыстық байқауда Роза Искаренова жеңімпаз болыпты.

– Бұл  ауыр атлетикамен шұғылдана беруге де болушы еді, бірақ 1 жылдай айналысқанда оның қыз балаға қиын болатынын түсініп, спорттың басқа түріне көшуді хош көрдік. Сөйтіп сіңілім екеуіміз қоян-қолтық күреске ауыстық. Онда да нәтижелер жаман болған жоқ, –дейді Роза.

Шынымен де спорттың бұл түрі бойынша екі қыздың жеткен жетістіктері жеткілікті екен. Жаттықтырушысы Руслан Сүлейменов спорттың бұл түрінің қыр-сырын Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасының жаттығу залында үйретіпті. Содан кейін облыстық ІІД-нің «Динамо» спорт залына ауысқаннан бері Самат Кабдуллин де өзінің бар білгенін үйретіп, жаттықтырыпты. Түрлі сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырын  бағындырған ару 2002 жылы қоян-қолтық күрестен Қазақстан чемпионы атаныпты. Онымен шектеліп қоймай, кик-боксинг, бокс секілді спорт түрлерін игеріпті, десе де басты назары қоян-қолтық күресте болыпты. 2004 жылы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде қыздар арасындағы еркін күрестен (ережесіз күрес) өткен Әлем чемпионатына барып, өз дәрежесінде төбе көрсеткен.  Екі жылдай Алматыда тұрып, оңтүстік астананың төрінде жаттығыпты. 2006 жылдан бастап Ішкі істер органдарына, яғни Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасының тылмен қамтамасыз ету бөлімінің ғимараттарды күзету тобының инспекторы болып орналасыпты. Онда бір жылдай жұмыс істеп, оның қызметіне деген жауапкершілігі мен пысықтығына риза болған басшылар оны Криминалдық полиция бөліміне ауыстырыпты, сол жерде жүріп, облыстық ішкі істер департаментіне ауысыпты, бірақ жұмыста жүрсе де спортты еш қалдырмапты.

Қазіргі уақытта Жедел әрекет ететін арнайы жасақ құрамында қызмет етуде. Биыл ол сәуір айында Қоян-қолтық күрестен Ресей Федерациясында өткен Әлем чемпионатына қатысып, қарсыластарына мүмкіндік қалдырмай, жеңістің тұғырын бағындырып, жерлестерінің мақтанышына айналды. Одан кейін қазан айында қыздар арасында Қоян-қолтық күрестен Атырауда өткен Қазақстан кубогына барып, Азия Кубогына қатысуға жолдама алып келді. Азия Кубогы 2014 жылдың мамыр айында Болгария мемлекетінде өтеді. Қазір соған қызу дайындық үстінде жүр.

–                       Роза Искаренова бізбен бірге ер адамдар ұжымында қызмет етсе де, нәзіктікке бой алдырып, осалдық танытқан емес. Қызмет бабындағы әскери-жауынгерлік дайындықтарда да бізбен бірге қатарласып, жоғары нәтижелер көрсетуде. Өр тұлғалы Әлия мен Мәншүктей батыр қыздардың сіңілісі ғой. Оның қызметтегі және спорттағы жетістіктеріне бас иеміз, – дейді қызметтес әріптесі полиция капитаны Қанат Ташимов.

Арлан мен Арман атты ұлдары да анасының жеңістерімен мақтанатыны белгілі. Ал, Розаның алға қойған басты мақсаты – осы екі ұлын жеткізіп, өсіріп, білім беріп, азамат ету. «Мен алыс сапарларға шыққан кезде балапандарым анамның тәрбиесінде қалады. Ата-анама көп рахмет. Әрбір жеңісім солардың еңбегі. Қазір үлкен ұлым балабақшадағы каратэ секциясына қатысады, алдағы уақытта жүзуге барады. Бірақ балаларыма спортқа бар, заңгерлікке бар деуден аулақпын, таңдаған мамандықтарына барады» дейді спортшы.

Отбасында аяулы ана, қызметте абыройлы әріптес, спортта атақты, достарының арасында қарапайым Розаға тек қана әйел бақытын тілейміз. Алдағы жарыстарда биік тұғырдан көріне берсін.

 Ырысалды ШАМШИЕВА,

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.