1977 жылығы ҚазССР IIМ-нiң үздік МАЙ қызметкері

DSC07374Жайлыбаев Бұтай Мұқатайұлын  еске алу турнирі өтті

Қарасуда ІІМ-нің ардагері Жайлыбаев Бұтай Мұқатайұлын еске алу құрметіне арналған жыл сайынғы 7-ші турнир өтті. Спорттық іс-шара Қарасу АІІБ басшылығының бастамасымен, Қостанай обл. МКҚБ-ның қарасулық қызметкерлерінің қолдауымен өтті.

Волейбол турнирінің сапынан тәртіп сақшылары ғана емес, жеке меншік құрылымнан тұратын 7 бірдей команда көрінді. Ауданға танымал әрі еліне құрметті азамат  Бұтай Мұқатайұлын еске алу турнирінің жыл сайын өтетінін ерекше атап өткен жөн. ІІМ-нің ардагері 1934 жылы 25 тамызда Қарасу ауданы, Төлебай ауылында туған. 1958 жылы алғашқы еңбек жолын аудандық милиция бөлімінде паспортшы қызметінен бастайды. Бір жылдан соң Мемлекеттік авто инспекцияға қызмет бабымен ауысып, зейнеткерлік шаққа дейін аталмыш мекемеде еңбек еткен. 1986 жылы тамызда милиция майоры Бұтай Жайлыбаев аудандық МАЙ басшысы қызметінен құрметті еңбек демалысына шықты. Еңбек жолы барысында ол ІІМ-нің бірнеше марапаттауларымен ғана шектеліп қойған жоқ, 1977 жылы «Ең үздік Қазақ ССР ІІМ МАЙ қызметкері», кеңестік озат милиция атағымен марапатталып, «Кеңестік милицияның 50 жылдығы», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», еңбек ері төсбелгілерімен мадақталды.

Әке еңбегін ары қарай мұра етіп келе жатқан оның екі ұлы: Қазбек және ТалғатIMG_1458 Жайлыбаевтар Қарасу адандық ішкі істер бөлімінде еңбек етіп, қазіргі таңда ҚР ІІМ зейнеткерлері. Құрметті милиция азаматының ұлдары бұл жарысқа шақыртылды.

Волейбол турниріне Қарасу аудандық ішкі істер полиция подполконигі Қайрат Әбдіхалықов, Қостанай облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің полиция подполковнигі Серік Жүнісов және МКҚБ ММ басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Жұмабеков қатысты.

Атап өтсек, Қарасу аудандық ішкі істер бөлімі ішкі істер органы ардагерлерін назардан тыс қалдырмай ұдайы көңіл бөліп, олардың бойындағы отаншылдық тәрбиені бойларына дарытып, салауатты өмір салтын ұстанып отырады.

Қарасу АІІБ-і басшысының орынбасары, полиция капитаны Бахчан Мырзаболатовтың ұйымдастыруымен өткен бұл турнирдің мақсаты азаматтық ұйымдарды іс-шараға қатыстыру болатын.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды ЖШС «Қарасу аудандық теміржолшылар» команда ойыншылары иеленсе, екінші орынға Қостанай обл. МКҚБ командасы, ал үшінші орын ЖШС «Люблинка» қанжығасына байланды.

Б. АЛЕКЕНОВА,

Қостанай обл. ІІД баспасөз қызметі