90 жылдыққа тарту

90 жылдыққа тарту ДинамоАтырау қаласында «Динамо» ДШСҚ-ның 90 жылдық мерейтойына орай облыстық Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында бильярдтан турнир өткізілді.

         Тартысты өткен сайыста облыстық ІІД ҰҚҚКБ-ның командасы жеңіске жетті. Екінші орынға облыстық ІІД Анықтау басқарма командасы тұрақтаса, үшінші орын үшін болған таласта облыстық ІІД ӨҚБ-ның командасына сай келетін ешкім табылмады. Сонымен қатар, тастаяқ шеберлері арасында үздік қырымен танылған полиция полковнигі Сембай Жапақов «Үздік ойыншы» деп танылды. Жарыс жеңімпаздары кубокпен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

ІІД Анықтау басқарма командасы тұрақтасаАтырау облыстық ІІД баспасөз қызметі