1 мен 3 сәуірде Щучинск қаласында ҚР ІІМ ХІ спартакиадасы мен «Динамо» ДШСҚ ҚБ ХІ ведомствоаралық спартакиада шеңберінде қазақ күресінен жарыс өтті. Жарысқа құқық қорғау, күштік және арнайы құрылымдар органдарының өкілдері — 9 команда, сондай-ақ республиканың Полиция департаменттерінің 20 командасы қатысты.
7- халықаралық сыныптағы спорт шебері, 32- спорт шебері, 47- спорт шеберіне үміткер, 11- Әлем мен Азияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері-осы деңгейдегі қатысушылар күресте күштілер қатарына шығатыны әбден байқалды.
Нәтижесінде орындар келесідей болды: министрліктер мен ведомстволар арасында 1-ші орынды ҚР ІІМ командасы, 2-ші орынды ҚР Ұлттық ұлан, ары қарай «Динамо» командасы иеленді.
Жарыста Полиция департаменттері арасында көшбасшы болып, Петропавл қаласындағы былтырғыдай ақмолалық полицейлер, Астана қаласының ПД екінші орынға, ал қарағандылықтар үштікке ие болды. Щучинск қаласында өткен жарыстың толық ақпараты «Polisia kz» №5 жұрналына жарияланатын болады.