Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында таэквондодан 49 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған динамолық спортшы Айнұр Есбергенова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Жерлесіміз 1/8 финалда хорватиялық Люция Заниновичпен кездесу өткізген болатын. Өкінішке орай жерлесіміз 7:18 есебімен ұтылып қалды. Айта кетейік, ендігі сәтте таэквондодан тағы бір динамолық ару Жансель Денизге үміт артамыз.