Алтыннан олжа салған Баландин

Алтыннан олжа салған Баландин - ДинамоОңтүстік Кореяның  Кванджу қаласында өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарында суға жүзуден отандасымыз, динамолық спортшы Дмитрий Баландин алтыннан алқа тағынды.

Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 59,96 секунд. Осылайша су бетінде оқша зулаған жерлесіміз ағылшындық Джеймс Уилби мен Крейг Бесонды артқа тастап кетті. Айта кетейік, динамолық спортшының бұған дейін де бағындырған белестері жетерлік. Мәселен, ол 2014 жылғы Инчхонда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы.