Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 75 келі салмақта жұдырықтасқан динамолық боксшы аруымыз Дариға Шәкімова қола медаль еншіледі.
Жерлесіміз жартылай финалдық сында америкалық Кларесса Шилдстан ұтылып қалған болатын. Дегенмен, Дариға әйгілі қарсыласымен тең дәрежеде өнер көрсете білді. Осылайша Дариға қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Одан кейін ширек финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңген болатын.