Ауыр атлетшілердің толағай табысы

Ауыр атлетшілердің толағай табысыАҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты қазақ спортшылары үшін табысты аяқталды.  Алексей Ни шәкірттері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеп, командалық есеп бойынша үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар спортшыларымыз келер жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына берілетін 10 лицензияға ие болды. Оның алтауы – ерлер, төртеуі әйелдер арасында.

Әлем чемпионатындағы ел қоржынына түскен алғашқы алтын медальді 77 келі салмақта ел намысын қорғаған Нижат Рахимов иеленген еді. Ол жұлқа көтеру сынында әуелі 155 келіні, одан кейін 160 келіні басынан асыра көтерсе, соңғы үшінші мүмкіндігінде 165 келіні бағындырып, төртінші орынға жайғасты. Ал серпе көтеруде 207 келіні қиналмай көтерген жерлесіміз жалпы қорытынды бойынша 372 келіні көтеріп, алтыннан алқа тағынды.     

Жарыстың алтыншы күні жерлестеріміз үш бірдей медаль еншілеп, еліміздің абыройын асқақтата түсті. Бұл күні жарыс жолына шыққан ауыр атлетшілеріміз Алмас АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионаты қазақ спортшылары үшін табысты аяқталдыӨтешов пен Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленсе, өткен жылғы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алды. 94 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Алмас Өтешов жұлқа көтеруде 172 келіні, серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 402 келіні көтерді. Нәтижесінде алтын медаль иеленген Беларусь спортшысы Вадим Стрельцовқа 3 ұпай есе жіберген жерлесіміз екінші орынға жайғасты. Дәл осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз Жасұлан Қыдырбаев жалпы есеп бойынша 399 келі зілтемірді көтеріп, қола медальды қанжығасына байлады. Әйелдер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 256 келі салмақ көтерді. Алексей Ни шәкірттері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеп, командалық есеп бойынша үшінші орынға тұрақтадыҚытай атлеті Сян Яньмэй 263 келімен әлем чемпионы атанса, қола жүлде 253 келі салмақ көтерген ресейлік Анастасия Романоваға бұйырды. Осы салмақта сынға түскен Лондон олимпиадасының чемпионы қазақстандық Мая Манеза 10-шы орын алды.

Әлем біріншілігі аяқталуға бір күн қалғанда Александр Зайчиков алтын медаль еншілеп, қазақ спортының әлеуетін тағы бір мәрте төрткүл дүниеге паш етті. 105 келі салмақта сынға түскен ол жұлқа көтерудің алғашқы кезеңінде 186 келіні көтерсе, одан кейін 191 келіге тапсырыс берген болатын. Алайда бұл салмақты екінші мүмкіндігінде бағындырып, жұлқа көтеру сынында екінші орынға тұрақтады. Ал серпе көтеруде 230 келі зілтемірді көтерген жерлесіміз қоссайыс қорытындысында 421 келіні бағындырып, алтыннан алқа тағынды. Осы күні 75 келі салмақта жарысқа шыққан Олимпиада чемпионы Сонымен қатар спортшыларымыз келер жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына берілетін 10 лицензияға ие болдыСветлана Подобедова әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады. Ал әлем біріншілігінің соңғы күнінде сынға түскен Надежда Ноғай қоссайыс бойынша 292 келі көтеріп, алғашқы бестікті түйіндеді.

Әрине, әлем чемпионатындағы ең басты өкінішіміз – Алмас Өтешовке бұйырып тұрған алтын медальдің қолдан сусып кетуі. Жұлқа көтеруде ол 180 көтергенімен төрешілер ол сәтті есепке алмай қойған болатын. Ал бұл сәт алтын алқаға жол ашқан мүмкіндік еді. Бұл жөнінде өзінің пікірімен бөліскен спортшы: «Барлығын өз көздеріңізбен көрдіңіздер. Бар күшімді салдым. Бірақ төрешілер 180 келіні көтергенімді есептемей қойды. Енді алда Олимпиада ойындары күтіп тұр. Тыңғылықты дайындаламыз. Рио-де-Жанейро Олимпиадасында еліміздің көк туын желбіретемін деп сенемін. Әрине, төрешілер тарапынан осындай қараулыққа ұрынғанда көңіліңе қаяу түсетіні анық. Дегенмен, алға жылжуымыз керек. Қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін», — деді. Әлем чемпионатынан кейін шәкірттерінің аяқ алысына бағасын берген ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни: «Спортшылардың осы жолғы өнерін сәттілікке бағалаймын. Оның алтауы – ерлер, төртеуі әйелдер арасындаАлғаш рет Олимпиаданың 10 лицензиясын иелендік. Сонымен қатар екі алтын медаль, екі күміс және бір қола медаль олжаладық. Үшіншіден, спортшылардың мүмкіндігін байқадық. Енді отырып бүге-шегесіне дейін талдау жасаймыз. Ол үшін уақыт қажет. Біз әрқайсының өнеріне талдау жасап, алдағы сегіз айда жетпеген тұстарын анықтаймыз. Меніңше, бұл әлем чемпионаты біздің спортшыларға тәжірибе алмасу  үшін баға жетпес мүмкіндік болып табылады», — деді.

Сонымен, АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз өздеріне жүктелген міндетті абыроймен алып шықты. Спортшыларымыздың алар асуы көп болсын, алдағы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жұлдызы жарқырасын деп тілейміз!