Соңғы күндері «еркін күрес» бағдарламасында «Динамо» өкілдері ұлттық құраманың қоржынына тағы үш алтын медаль салды. Олардың иегерлері Азамат Даулетбеков (86 кг салмақ дәрежесі), Болат Сақаев (79кг) және Дархан Есенғали (74 кг) болды.
Соңғы жекпе — жекте бірінші болып үш дүркін Азия чемпионы Ирандық Каримимачиани қарсы шықты. Қарсыласын жеңген сенімді жеңіс Азаматқа өткен жылы Моңғолияда жеңіп алған құрлықтағы ең мықты атағын сақтап қалуға мүкіндік берді.
Болат Сақаев Өзбекстан өкілі Абдурахмановқа қарсы жекпе-жекте өзінің басмыдылығын көрсетті. 6:1 есебімен Болат Токио Олимпиадасының және 2014, 2018 жылдардағы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері болып табылатын қарсыласын жеңді.
«Динамоның» тағы бір өкілі еркін күрескер Дархан Есенғали финалда Жапониядан келген спортшы Кирин Киношитті 7:2 есебімен жеңді.
Осылайша, динамо спортшыларының қоржынында 2023 жылғы Азия чемпионатының 4 алтын медалі бар. Бұған дейін әйелдер күресі бағдарламасында Эльмира Сыздықова жеңіске жеткен болатын