Байрақты бәсеке

чем1Қарағанды қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен күштік құрылымдар арасында самбо күресінен ҚР ІІМ чемпионаты мен «Динамо» ДШСҚ спартакиадасы өтті. Талай спорт саңлақтарының басын қосқан байрақты бәсеке, кенді қаланың 80 жылдық мерейтойына арналған.
Салтанатты шараның шымылдығын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Жұмабеков ашты. Сондай ақ, өз кезегінде сөз алған Қарағанды облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Мергенбай Жапаров самбо мектебінің еліміз бен әлем бойынша қарқынды өсіп келе жатқанын айта отырып: «Әсіресе ҚР ІІМ басшылығы спорттық дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. әр жыл сайын әлем біріншілігінде біздің полицейлер жүлдесіз оралған емес» деді ол. Ал, «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі спорт басқармасының бастығы Николай Князев, жарысқа қатысушыларды құттықтап, сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын баса айтып өтті.  Сайыста барлығы 27 команда бақтарын сынады.чем2

Расында да, самбо күресі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында ең кеңінен тараған спорт түрі. Себебі, өзін өзі қорғау әдестері мен қылмыскерді ұстау барысында қиын сәттерден шыға білу үшін, осы спорт түрі ерекше рөл атқарады.

   чем3чем4чем5чем 6