Батырды еске алу турнирі

Турнир памяти БайтасоваПетропавл қаласында облыстағы құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар арасында шағын футболдан Халық Хаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған турнир өтті.  Осымен екінші жыл қатарынан жалауын көтеріп, дәстүрге айналған жарысты СҚО ІІД мен «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Турнирдің шымылдығын ашып, сөз сөйлеген СҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Ахан Қажкенов, бұдан бір жыл бұрын қаладағы жол полициясы мұражайында Ғазиз Байтасовқа естелік бұрыш ашылғанын, соған орай Халық Қаһарманының жары Гүлжамал Тәжиева мен ұлы Арманжан, сондай ақ туған-туысқандары келгенін тілге тиек етті. «Тараздық полицейдің қауіпті қылмыскерді ұсытау кезіндегі ерлігі әрқашанда бізге үлгі болады» деді өз сөзінде. Сонымен қатар салтанатты шара барысында батырдың отбасынан жазып алынған  бейне сұхбаттар көрсетілді.Итоги турнира памяти Газиза Байтасова__
Сайысқа былтырғы жеңімпаздар ҰҚҚ облыстық департаментімен қоса барлығы сегіз команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп бақтарын сынады. Ойын өрнегі бойынша СҚО ІІД екі командасы, ҰҚҚ облыстық департаменті мен ІІМ ІӘ ӘИ командалары жартылай финалға шыққан еді. Бұл ойындарда СҚО ІІД бірінші командасы ҰҚҚ облыстық департаменттің командасынан айласын асырса, ІІД екінші командасы ІІМ ІІ ӘИ командасына есе жіберді. Сонымен ақтық сында СҚО ІІД бірінші командасы мен ІІМ ІІ ӘИ өрендері кездесіп, ІІД футболшылары жеңіс тойын тойлады. Оларға «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі СҚБ филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Орынбаев бағалы сыйлықтар мен кубокты табыс етті.

«Динамо» ДШСҚ қоғамдық
бірлестігі СҚО филалы