Боз кілемдегі белдесу

Спорттың қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша Батыс Қазақстан облысы ІІД, Орал қалалық ІІД және «Динамо» ДШСҚ орталық күнтізбелік жоспарымен бекітілген кестеге сай ақпан айында самбо күресінен чемпионат өтті. Сегіз салмақ дәрежесі бойынша жүрген сайыс Орал қаласында жалауын көтерді. Чемпионаттың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын тексеру, спорт шеберліктерін шыңдау, жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай ақ көрші облыстарда ұйымдастырылатын ҚР чемпионаттарына жеңімпаз қызметкерлерден жасақталған  самбодан құрама командасын  шығару. Ал, біріншіліктің алғашқы күні мандаттық комиссия құрылып, төрешілер алқасының жиыны болды. Ержеге сай салмақтарын өлшеген палуандар, жарысқа сақадай сай тұрды. Әр команданың құрамына 9 спортшыдан енсе, оның 8-і палуан, 1-і жаттықтырушы.   Изображение 060

Сонымен, Орал қалалық Ішкі істер басқармасының атынан шыққан команда құрамында 57 келі салмақта  Абай полиция бөлімі  ӘПб учаскелік полиция инспекторы,  полиция лейтананты Мәлік  Ахметқалиев,  62 келі салмақта  Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты  Дидар Құрманғалиев, 68 келі салмақта Орал қ.ІІБ жедел криминалистік бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Қайрат Халелов, 74 келі салмақта  Абай полиция бөлімі ӘПб учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Дәурен Халиуллин, 74 келі салмақта Абай полиция бөлімі кадр жұмыстары бөлімшесінің  инспекторы,  полиция лейтенанты Ермек Аманғожиев, 82 келі салмақта Орал қ.ІІБ Айдауыл қызметі взводының полицейі, полиция аға сержанты Аслан Ақмурзин, 90 келі салмақта Орал қ.ІІБ тылды қамтамасыз ету тобының  полицей-жүргізушісі,  полиция аға сержанты Нұрлан Құспанов, 100-ден аса салмақта Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің      инспекторы, полиция аға лейтенанты Дәулет Құрмағалиевтер басқарманың намысын жықпай, жақсы өнер көрсетті. Олар боз кілемге белдесуге шыққан қарсыластарын шақ келтірмей, жүлделі орындарға таласты. Екі күндік чемпионат қорытындысында Орал қалалық ІІБ спортшылары  командалық есепте 2-орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Себебі, өз командасын алға сүйреп, жеңіске ұмтылған спортшылардың барлығы да жаттығу алаңдарында жинаған тәжірибесі мен шеберліктерін барынша көрсетіп, аянып қалмады. Жекелей сында да самбошыларымыздың қанжығалары майланды.  Атап өтсек, Абай полиция бөлімінің кадр жұмыстары бөлімшесінің инспекторы Ермек Аманғожиев пен Орал қ.ІІБ тылды қамтамасыз ету тобының  полицей-жүргізушісі  Нұрлан Құспанов  екінші орын иеленді.  Сонымен қатар, Орал қ.ІІБ жедел криминалистік бөлімшесі бастығының орынбасары Қайрат Халелов пен Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің      инспекторы  Дәулет Құрманғалиев қола жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаз командалар  мен жекелей сында жеңісті қолдан бермеген самбошылар грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Чемпионат соңында алқынған демдерін басып, қуанышытары қойынына симай тұрған самбошыларымызбен аз-кем  тілдесуге мүмкіндік туды.

Изображение 080Изображение 113

Қайрат Халелов:

— Самбошылар бұл чемпионатқа үлкен дайындықпен келген. Спортшылар жанып тұр. Сайдың тасындай іріктелген спортшы жігіттерге риза болдым. Теректі мен Зеленов аудандық Ішкі істер басқармасынан келген құрама команда самбошылары мықты екен. Мысалы, Теректі ауданынан қатысқан 90 келі салмақтан жоғары Иманғазиев Асланның ептілігіне таң қалдым.

Нұрлан Құспанов:

— Тоқсан келі салмақтағы самбошылармен белдестім. Бұл салмақта белдесу де оңай емес. Жарыс соңына қарай белімді ауыртып алдым. Осындай чемпионатты ұйымдастырған басшылыққа, «Динамо»  қоғамына, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына ризашылығымды айтамын.  Спорттық шаралардың  жиі ұйымдастырылуын қалаймыз.

Ермек Аманғожиев:

— Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық аудандық Ішкі істер бөлімдерінің командалары жоғары дайындықпен келген. Чемпионат әділ өтті. Төрешілер де ұпай санын жинақтап, дұрыс бағасын берді.

 

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері