Даңқты балуанның есімі қайта жаңғырды

 IMG_6096Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионы, КСРО және Еуропа чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері даңқты балуан Шәміл Серіковке ҚР Халық қаһарманы атағын беру керек. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

Өткен айда   Халықаралық біріккен күрес стиілі федерациясы (FILA) Будапешт қаласында 1980 жылғы Олимпиада чемпионы  Шәміл Серіковке марапат жасап, оның есімін дүниедегі теңдесі жоқ палуандар қатарына қосып, даңқ мұржайына енгізді. Бұл қазақ елінің күресі үшін өте қуанышты жағдай. Үлкен спортта Шәміл Серіков қазақ күресінің мол мүмкіндігін әлемге паш еткен қайраткер. Сондықтан бұл марапат қазақ спортына деген құрметтің белгісі.

Шәміл Серіковке FILA сыйлаған марапатты оның жанұясы  еліміздің «Динамо» спорт қоғамына табыстады. Және осыған орай қарашаның 6 күні Алматыда журналистердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

         «Шәміл Серіков қысқа ғұмырында біздің «Динамо» спорт қоғамында жүріп Олимп шыңдарын бағындырып, қазақ палуандарының мәртебесін көтеріп үлгерді. Ондай балуан жүз жылда бір туады десек болатын шығар. Бапкерлерінің өзі оның күресу тәсіліне таңданыс білдірген. 5 жыл ішінде ол спорт шебері атанып үлгерді, одан кейінгі бес жылда Қазақстанның, КСРО-ның, Еуропаның және Әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Ол кезде КСРО-ны ұту өте қиын болатын. Ал оны ұтқан адам Әлем чемпионатын оңайлықпен жеңетін. Сондықтан мұндай спортшыны FILA-ның елеп-ескеріп жатқаны орынды. Және бұл Қазақстан бойынша тұғыш рет болып отырған оқиға», -деп атап өтті өз сөзінде «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

Даңқты балуанның ұлдары Тимур мен Элдар әкесінің жолын қуып, бірі балуан, бірі жаттықтырушы болып жүр. Жаттықтырушылықпен айналсыатын ұлы Тимур әкемдей мықты балуанды тәрбиелеп шықсам деген ойын білдірді.

4  «Қазақ елінен мұндай сый құрметке әкемді лайық деп тауып, орден табыстағанына өте қуаныштымын. Бұл марпатты төрімізге іліп қоюға да болар еді. Бірақ та жанұямызбен ақылдаса келе келешек жастарымыз көріп қуансын, көпшіліктің тамашалауына мүмкіндік тусын деп «динамо» спорт қоғамына табыстауды жөн санадық. Әкемді үлкен спортқа қанаттандырып ұшырған «Динамо» спорт қоғамында бүгінде талантты жастар шоғыры өсіп келеді. Соларға үлгі болсын деген ниетпен осындай келісімге келдік», -дейді Тимур Шәмілов.

Сондай-ақ жиын барысында Шәміл Серіковке ҚР Халық қаһарманы атағын беру мәселесі де көтерілді.

«Шәміл Серіков өмірден өткелі елімізде оны ұмыта бастады, оған деген құрмет өз деңгейінде болмады. Алайда 25 жылдан кейін еліміз емес, сонау қиырдағы FILA ол кісінің есімін даңқты балуандар мұражайына енгізіп, осындай мықты спортшы болған деп ескеріп жатыр. Сондықтан біз ол кісіге ҚР халық қаһарманы атағын бере алмасақ, ол бізге сын», -дейді спорт ардагері Жақсыбек Базылбаев.

Сондай-ақ аталған жиын барысында Асқар Омарқұлов балуанның ұлдарына көрегендік танытып, Серіковтер әулетіне құнды марпатты «Динамо» спорт қоғамына танбыстағаны үшін ұжым атынан алғысын білдірді.

«Динамо» ДШСҚ баспасөз қызметі

пресс-кон 012 пресс-кон 013 пресс-кон 022